Астанада Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері бас қосты

789

Қытай – алып нарық. Соған қарамас­тан бұл ел өзінің ішкі сұранысын толық қамтамасыз етуге қауқар­лы емес. Әсіресе сапалы ауыл шаруашылығы өнім­деріне зәру. Қытайда бидай, ұн, ет, балық және күнбағыс майы сияқты өнімдер тапшы. Осыған орай дәл осы тауар түрлерінің экспорты артқан. Қазақстан мен Қытай арадағы тауар айналымын көбейтіп, іскерлік қарым-қатынасты күшейте түсуге ниетті.   

Астанада Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлері бас қосты

Бүгін Астанада қос елдің кәсіпкерлері бас қосты, деп хабарлайды 24.kz.

Бүгінде қос ел тек ауыл шаруашылығына ғана емес, өзге салаларға да қатысты бірнеше бірлескен жобаны жүзеге асырып жатыр. Биылдың өзінде агроөндірістік кешен, тау-металлургия және химия өндірісі бойынша тағы бірнеше жоба іске қосылмақшы. Былтырдың өзінде тауар айналымы 10 млрд-тан асып жығылды. Ал биыл бұл көрсеткіштен де жоғары болуы мүмкін. Қазір біздің елде қытайлық капиталы бар 1200-ден астам компания жұмыс істеп жатыр. Бірлескен инвестициялық жобалар машина құрастыру, мұнай өңдеу, химия, тамақ өндірісі және логистика саласында жүзеге асты.

Форум  "Бір белдеу, бір жол" бастамасына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Қазір оның жемісін екі тарап та көре бастады. Форумға қатысушыларға екі елдің мемлекет басшылары – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин бейнеқұттықтауларын жолдады. Ал өзара достық пен сенімге, тату көршілікке негізделген қарым-қатынас елімізді бәсекеге төтеп беріп, эконо­микадағы еншімізді уысымыздан шығарып алмауды талап етеді. Осы орайда қытайлық компанияларымен түрлі салалар бойынша бірлескен жоба­ларды жүзеге асыруға байланыс­ты нақты келісімдер бекітіліп отыр. Атап айтқанда, азық-түлік, авто­өнер­кәсіп, биотехнология, медицина және басқа да жобалар қамтыл­ған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу