Астанада Қазақстан-Ресей саяси консультациялары өтті

884

ҚР СІМ-де Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузиннің қатысуымен қазақстандық-ресейлік саяси консультациялары өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz  ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада Қазақстан-Ресей саяси консультациялары өтті Фото: ҚР СІМ

Іс-шара шеңберінде Қазақстан-Ресей екіжақты ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктер (ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД) шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды. Делегация басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы жоғарғы және жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық барысын қарастырды.

Сөз сөйлеу барысында Е. Қоныспаев одақтастық, достық және стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан-Ресей қатынастарының табысты дамуын ерекше атап өтті. Өз кезегінде, М. Галузин Қазақстан-Ресей қатынастары дамуының оң динамикасын жоғары бағалады, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың, өзара сауданы сапалы арттырудың және бірлескен индустриялық жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бейілділігін растай отырып, тараптар достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухында өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесу мақсатында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру ниетін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу