Конгреске Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің, соның ішінде Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның тау-кен өндіруші саласының 150-ден астам көшбасшы компаниялары қатысады. Конгресс тәжірибе алмасу, инвестициялық жобаларды, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібін жаңғырту мен дамыту мүмкіндіктерін талқылау алаңына айналады.
2024 бағдарламасының негізгі бағыттары:
- Саланың көшбасшы компанияларының қатысуы: жетекші тау-кен өндіруші компаниялардың 150-ден астам басшылары, инвестициялық жобалардың ынтагерлері, жабдықтарды әзірлеушілер және халықаралық инвесторлар.
- Инвестициялық жобалар: Тау-кен байыту комбинаттарын салу, жаңғырту, қуаттарды кеңейту және жаңа кен орындарын игеру сияқты 20-дан астам ірі инвестициялық жобаларды талқылау.
- Сарапшылардың баяндамалары: жоба мен үкімет өкілдерін, реттеуші органдар мен жетекші салалық сарапшыларды қоса алғанда, 30-дан астам спикерлер мен панелистер.
- Business Networking: жеке кездесулер, кофе-брейктер, интерактивті пікірталастар және коктейльді қабылдауды қоса алғанда, 30-дан астам сағат іскерлік және бейресми тілдесім.
- Технологиялық үрдістер: тау-кен өнеркәсібі үшін жаңа жабдықтар мен озық шешімдердің тұсаукесері.
- Инвестициялық нарыққа шолу: жаңғырту, жаңа қуаттарды және инновациялық технологияларды енгізу жоспарлары.
- Кадр мәселесі бойынша дөңгелек үстел: кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін басқару стратегияларын әзірлеу.
- Геология: тау-кен өнеркәсібінің үдемелі дамуындағы геологиялық зерттеулердің рөлі.
- Экологиялық теңгерім: тау-кен өндіруші кәсіпорындарында экология саласындағы заңнамалық актілерді іс жүзінде жүзеге асыру.
- Мамандандырылған арнайы көрме: саладағы жетекші компаниялардың жоғары технологиялық шешімдерінің таныстырылымы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу