Астанада Қазақстанды өзге елдермен онлайн режимде қосатын портал ашылды. Ол арқылы қала тұрғындары өзге ел өкілдерімен әңгімелесе алады, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Әлемде 19 елде 30-ға жуық ұқсас портал бар. Онлайн-көрсетілім кезінде қазақстандықтар мен шетелдік әңгімелесушілер кез келген тақырыпты қаузай алады.
Астаналық ағылшын тілінің мұғалімі Алтынай Амирова айтып өткендей, аталмыш жобалар өзге елдердегі адамдардың өмірі туралы білуге мүмкіндік береді.
"Мен жас ұстаз ретінде тіл тасушылармен әңгімелесу өте қызықты болды, әртүрлі диалект естідім. Өз көзіммен әлемнің екінші шетінде күн кешіп жатқан адамдар немен айналысып жатқанын көргім келді. Мен бұл жерге үшінші мәрте келіп тұрмын. Колорадо штатының тұрғындары "Beatles" тобының әндерін орындады. Келесі күні Милуоки штатының тұрғындарымен кездестік. Әлеуметтік педагог мамандандырылған мектептерде оқитын балалар дыбыс жазатын студияға тегін келетінін айтты", - деді А.Амирова.
Айта кетейік, қазақстандық портал бірнеше жұма жұмыс істеп тұр, әсіресе жастар арасында қызығушылық туындап отыр.