Астанада "Қазақстанның дәрі қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

91

Дөңгелек үстелдің тағы бір маңызды тақырыбы — дәріхана желілерінедәрі-дәрмек жеткізу тұрақтылығы мәселесі болды. 

Астанада "Қазақстанның дәрі қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбында дөңгелек үстел өтті Фото: ДСМ

Елордада "Қазақстанның Шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп ұйымдастырған "Қазақстанның дәрі қауіпсіздігін қамтамасыз ету: талдамалық тәсіл және жаңа сын-қатерлер" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің қызметі аясында өткен іс-шарада Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, Шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының директоры Жанна Байдашева, "Химфарм" АҚ бас директоры Адам Алексеюк, Польша Республикасының Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Михал Лабенда мырза, профессор Ниевада, доктор Ланд және доктор Рыхвальски сынды спикерлер қатысып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудегі орнықтылықты арттыруды көздейтін жүйелі шешімдер әзірлеу, жергілікті өндірісті ынталандыру және мемлекет пен жекеменшік сектор арасындағы әріптестікті нығайту мәселелерін талқыланды. 

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов өз сөзінде мынаны айтты: "Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету — қоғам денсаулығын қорғаусаласындағы негізгі факторлардың бірі. Қазіргі тұрақсыздық жағдайында көп мемлекет, соның ішінде АҚШ пен Еуропа елдері де бар, дәрі-дәрмек қауіпсіздігінмемлекеттік саясаттың міндетті элементі деп қарастырып отыр".

"Қазақстанның Шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының директоры Жанна Байдашева денсаулық сақтау секторы өкілдерінің бәрінің күшін біріктірудің маңызын атап өтті: "Талқылауымыздың өзегі — жергілікті өндірісті дамыту, отандық компаниялармен тиімді әріптестік тетіктерін қалыптастыру және әділ де теңгерімді патенттік саясат. Біз дәрі-дәрмекті мемлекет есебінен сатып алғанда едәуір негізді шешім қабылдауға мүмкіндік беретін медициналық технологияларды сараптау (HTA) секілді құралдарға ерекше назар аударамыз. Біздің ортақ мақсатымыз — өмірлік маңызы бар әрі сапалы дәрі-дәрмек елдің кез келген өңіріне, қажет уақытында және әділ бағамен жетіп, оған тұрғындар қол жеткізе алғанын қамтамасыз ету. Мемлекет, бизнес пен сарапшылар арасындағы мұндайдиалог — Қазақстан фармацевтика секторын орнықты, инновация менинвестиция тұрғысынан тартымды етуге керек. Мұндай пікір алмасу елдің, азаматтардың және стратегиялық серіктестердің мүддесін көздейтін ұзақмерзімді шешімдер қабылдауға негіз болады деп сенеміз".

Польша дженерик өндірушілер қауымдастығының вице-президенті, фармацевтикадағы құқық саласы маманы Гжегож Рыхвальски ұлттық өндірістің стратегиялық маңызына тоқталды:

"Жергілікті өндіріс — өмірлік маңызы бар және аса қажет дәрі-дәрмектерді тұрақты түрде қамтамасыз етіп отырудың маңызды тетігі. Оның артықшылықтары — логистика тізбектерін қысқартып, қор деңгейін бақылай аламыз, дәрі-дәрмек науқасқа жақын және баға түзілуі ашық болады", - деді ол.

Дөңгелек үстелдің тағы бір маңызды тақырыбы — дәріхана желілерінедәрі-дәрмек жеткізу тұрақтылығы мәселесі болды. Қатысушылар Еуразиялық Одақ шеңберінде дәрі-дәрмекті тіркеу процедураларына байланысты туындап жатқан қиындықтарды атап өтті: 2000-ға жуық атау 2025 жылдың аяғына дейін ЕАЭО аясында тіркеуді күтіп тұр екен. Осыған орай қатысушылар Үкіметке пациенттерді қажет дәрі-дәрмектермен қамтуда іркілістер болуына жол бермеу үшін өтпелі кезең енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар мен сарапшылар бірлесіп жергілікті өндірісті дамыту, фармацевтика орнықтылығын қолдау және халықаралық тәжірибе алмасуды кеңейтуді көздейтін бірқатар ұсыныс әзірледі. Бұл ұсыныстар Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсынылып, Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында қарастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу