Астанада кейбір учаскелерде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

326

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Астанада кейбір учаскелерде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі Фото: Генеральное консульство

Елорда көшелерінің жекелеген учаскелерінде 2024 жылғы 28 қараша күні шет мемлекеттердің басшыларының қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесі отырысының өтуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетін болады.

Сонымен Полиция департаментінің мәліметінше, 28 қараша күні сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін мына көшелерде қозғалыс толықтай шектеледі: Ж.Нәжімеденов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан Қ.Аманжолов көшесіне дейін) және Аманжолов көшесі (Ж.Нәжімеденов көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейін).

Осыған байланысты мына маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді: №14, 32, 43, 50, 66, 84. Қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Жұмыс кестесі сағат 06:00-ден 23:30-ға дейін.

Дайындық іс-шараларына ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиация мен техниканың ресурстарын пайдалану көзделген.

27 қарашада ҚР ҚМ фронтты авиациясының қала үстінен ұшуы жоспарланған.

Тұрғындардан қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу