Астанада Кенесары көшесі ішінара жабылады

385

Астанада Кенесары көшесінің Ш. Уәлиханов көшесінен М. Ғабдуллин көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада Кенесары көшесі ішінара жабылады Фото: canva

Осыған байланысты, 24-26 мамыр күндері аталған аралықта көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу