Астанада кездесуге барған жігіт бойжеткеннің қымбат телефонын ұрлап кеткен

422

Полиция қызметкерлері кездейсоқ танысының қымбат смартфонын ұрлады деген күдікпен 27 жастағы жігітті ұстады.  

Астанада кездесуге барған жігіт бойжеткеннің қымбат телефонын ұрлап кеткен Фото: polisia.kz

Жедел-іздестіру барысында жігіттің жеке басы анықталып, дереу ұсталды. Ұрланған зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметінше, жас жігіт жәбірленушімен елордадағы түнгі ойын-сауық орындарының бірінде танысқан. Әңгіме қонақ үй нөмірінде жалғасқан.

"Бойжеткен ұйықтап жатқан кезде жағдайды пайдаланып, құны 700 мың теңгеден асатын мобильді телефонды ұрлап кеткен. Көп ұзамай телефонды кездейсоқ жолыққан адамға сатып жіберген. Жәбірленуші полицияға хабарласып, күдіктінің сырт келбетін егжей-тегжейлі сипаттап берген", – деп хабарлады полицияда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу