Астанада кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

314

Жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарындағы бос жұмыс орындары ұсынылады. 

Астанада кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді Фото: gov.kz

Астанада "Еңбек мобильділігі орталығы" КММ 2023 жылғы 9 қарашада сағат 14.30-17.00 аралығында "Жастар" сарайында "Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін" өткізеді, деп жазады inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б салалардағы жұмыс берушілер қатысады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне "Отбасы банк" АҚ, "Центр ипотеки Астана" ЖШС, "QazaqZher" ЖШС, "Астана Тазалық" ЖШС, "Банк ЦентрКредит" АҚ Астана қаласындағы филиалы және басқа да көптеген жұмыс беруші компаниялар қатысады.

Сондай-ақ, шара аясында "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс", "Ұрпақтар келісімшарты" бағдарламалар кәсіптік оқыту және "enbek.kz" порталымен жұмыс істеу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу