Астанада кілем жуатын цех отқа оранды

349

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.  

Астанада кілем жуатын цех отқа оранды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін түнде Астана қаласы "Сарайшық" ауданындағы Шарбақты көшесінде орналасқан кілем жуатын цехтардың бірінде өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар келген сәтте цех ішінде қою түтін болған. Құтқарушылардың күшімен цехтың ішіндегі бір автокөлік пен екі газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды.

"Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде кілем жуу құрылғылары мен шатырдың ағаш құрылымдарында болған өрт толықтай сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 250 ш.м. құрады. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу