Астанада KIOSH 2018 халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды 24.kz.
Елімізде былтыр 1,5 мыңнан аса адам өндірістік жарақат алған. Оның 244-і жазымнан жан тапсырған. Ал биыл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда бұл көрсеткіштің екі жарым пайызға төмендегені байқалады. Дегенмен аталған мәліметтер көңіл көншітпейді. Бүгінге дейін 300-ден астам жұмысшы жарқаттанған.
Астанада 28-сәуір Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай KIOSH 2018 VIII халықаралық көрме жұмысын бастады. Шара екі күнге жалғасады. Оған бірнеше елден 40-қа жуық компания қатысып, ортақ мәселелерді талқылап жатыр.
Жиын барысында кәсіпорындарда жарақат алуды болдырмау, өндіріс нысандарында апат қаупін төмендету, жұмысшылардың құқығын қорғау, олардың әлеуметтік қорғалуы мен еңбек қауіпсіздігін арттыру мәселелері қаралады.