Астанада Кипр үкіметінің елшілігі ашылады

479

Мемлекет басшысы Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбосты қабылдады. 

Астанада Кипр үкіметінің елшілігі ашылады Фото: akorda.kz

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Кипр Республикасымен серіктестік қарым-қатынасты дамытуға ниетті екенін растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы дипломатиялық қатынас орнаған 32 жылдың ішінде елдеріміз арасында берік саяси диалог пен инвестиялық ынтымақтастық қалыптасқанына назар аударды.

Президент Кипр үкіметінің Астана қаласында елшілік ашу туралы шешімін құптады. Оның айтуынша, бұл қадам дипломатиялық байланыстардың жаңа кезеңіне жол ашып, өзара серіктестіктің дамуына серпін береді.

Константинос Комбос қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Кипр мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту перспективасы қарастырылды. Бұған қоса халықаралық және өңірлік күн тәртібі, соның ішінде БҰҰ мен Еуропа Одағы аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу