Астанада 18 жасар қыздың денесі табылды

900

Ақпаратты полиция департаменті растады

Астанада 18 жасар қыздың денесі табылды

Астанада сауда орталықтарының бірінің ғимараты артындағы қуыстан 18 жасар бойжеткеннің денесі табылды. Алдымен үрейлі оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, содан кейін мұны полиция растады.

Желі қолданушылары қалада 18 жасар қызды өлтіріп, көміп кеткені туралы жазды. Полиция бойжеткеннің денесі табылғанын растады, бірақ оның жасын нақтыламады және денені көміп тастады деген қауесетті жоққа шығарды.

"Елордалық полиция қалтарыстан күштеп өлтіру белгісі жоқ қыздың денесін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кешенді жедел тергеу іс-шараларының кешені өткізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу