Оның ішінде, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККБК) шеңберінде 3,5 млрд теңгеден астам сомаға 8 171 операция жасалды және МӘМС жүйесінде 19,8 млрд теңгеден астам сомаға 6 144 операция іске асты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"2023 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша, қала бойынша 10,3 млрд теңгеге 1568 кардиохирургиялық операция, 3,9 млрд теңгеге 1005 нейрохирургиялық операция жүргізілді. Лор профилі бойынша, 887,5 млн теңге сомасына 123 манипуляция жүргізілді. Есепті кезеңде елордалық стационарлар 1,6 млрд теңге сомасына 286 тамырлы және микротамырлық операциялар жүргізді. Сондай-ақ, 2,6 млрд теңгеге 1775 трансплантация жасалды", — делінген МӘМС қорының Астана бойынша филиалының хабарламасында.
Жыл басынан бері стационарлық медициналық көмекке ақы төлеу 65,5 млрд теңгеден асты, шамамен 6,7 млрд теңге күндізгі стационардың қызметтерін төлеуге бағытталды.
"Консультациялық-диагностикалық қызметтер бойынша қаржыландыру жыл сайын артып келеді, қызмет көрсетуші ұйымдар да көбейді. 2023 жылы Астана қаласы бойынша Медициналық көмекті сатып алу жоспарында амбулаториялық-емханалық жағдайларда консультациялық-диагностикалық қызметтерге 26,9 млрд теңге сомаға қаржыландыру көзделген, оның ішінде ТМККБК шеңберінде — 3,4 млрд теңге, МӘМС шеңберінде — 23,5 млрд теңге. Жыл басынан бері елордалық медициналық ұйымдарға консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсеткені үшін шамамен 19,1 млрд теңге төленді. 2023 жылдың 9 айында — 7 901 462 қызмет көрсетілді. Олардың ішінде, КТ және МРТ-ға деген сұраныс әдеттегідей жоғары деңгейде", - делінген хабарламада.
Жалпы, 2023 жылы Астана қаласы бойынша филиал 172 мердігермен 172 келісімшартқа отырды. Олардың ішінде 39 немесе 23%-ы мемлекеттік, 133 ұйым не 77%-ы жекеменшік ұйымдар.