Елорданың Жағалау аймағында қоғамдық көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жаяу жүргіншілер жолағындағы жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Жол-көлік оқиғасында дене жарақатын алған жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді.
"Сағат 08.20 шамасында Ш.Айматов көшесінде орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп жатыр. №61 қоғамдық көлік жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан дене жарақатын алған қыз ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлайды Астана қаласының полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова.
Еске сала кетейік, 20 желтоқсан күні Астанада №54 автобус та жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан қызды қағып кеткен болатын.