Астана газбен жүретін көлікке көшіп жатыр

829

Астана газбен жүретін көлікке көшіп жатыр

Бүгінгі таңда елордада коммуналды кәсіпорындарда 1200 көлік құралы бар. 1 қазандағы жағдайға сәйкес, олардың 854-і газ отынымен жүруге көшірілген деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Қазіргі таңда бас қалада 2020 жылға дейінгі "Астана қаласындағы атмосфералық ауаның сапасын жақсарту бойынша іс-шаралардың Кешенді жоспары" аясында бірқатар шаралар жүзеге асып жатыр. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін коммуналды кәсіпорындардың 1200 көлік құралының 854 бірлігі газ моторлы отынға көшірілген. Коммуналды кәсіпорындардың қалған көліктері ұзақ мерзім бойы пайдаланылғандықтан, газ моторлы жабдықтардың орнатылуына жарамсыз.

Қаладағы жолаушыларды тасымалдайтын 1500 автобустың 723-і Евро-5 стандартына сай. Қазір қалған 777 автобусты газды отынға көшіру бойынша шаралар қолға алынуда.

Бүгінге дейін қолданыстағы такси көліктерінің 500 бірлігін газ отынға көшіру жөніндегі меморандумдарға қол қойылды. 2017 жылдың соңына дейін такси көліктерінің 15 бірлігін көшіру жоспарланған. Қалған такси құралдары көк отынға 2018 жылы көшірілмек.

Айта кетейік, бүгінгі күні Астанада газбен жүретін 158 такси көлігі жұмыс істейді. Олардың 62 бірлігі 2017 жылы сатылып алынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу