Елордада қоғамдық көлік қатары жаңа автобустармен толықты, деп жазады inbusiness.kz.
"Жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша 50 автобус жіберілді. Олар №№ 3, 32, 15, 54 және 61 бағдарларының қатарын толықтырды. Автобустар электронды жол ақысын төлеу және диспетчерлеу жүйесінің жаңа жабдықтарымен жабдықталған және олардың орналасқан жері туралы ақпаратты Аvtobуs мобильді қосымшасынан көруге болады", делінген хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, бүгіннен бастап № 54 бағдарда автобус саны 12-ден 14 бірлікке, ал № 61 бағдардағы автобус саны 13-тен 15 бірлікке артты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу