29 маусымда № 10 бағдардың Аэропорт бағытындағы қозғалыс сызбасы өзгереді. Енді бағдар "Хан шатыр" СОО арқылы жүрмейді. Д. Қонаев көшесінен Қабанбай батыр даңғылына бұрылады. Осылайша екі бағыттағы сызбасы бірдей болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бағдардың сызбасы түзулікті арттыру, техникалық сипаттамаларын жақсарту мақсатында өзгертіледі. Бұл бағдардың жүру қашықтығын 1 км-ге, айналым уақытын 3 минутқа және қозғалыс аралығын қысқартуға ықпал етеді.
"Бағдардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап танысуға болады.
Сапарларыңызды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу