5 ақпаннан бастап, тұрғындарға қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, келесі қалалық бағдарларға автобустар қосылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
8 бағдарда автобус саны 21 бірлікке артады.
№ 3 бағдарда 3 бірлікке, (15 автобус)
• № 13 бағдарда 4 бірлікке (14 автобус)
• № 20 бағдарда 2 бірлікке (15 автобус)
• № 21 бағдарда 2 бірлікке (16 автобус)
• № 30 бағдарда 2 бірлікке (14 автобус)
• № 44 бағдарда 4 бірлікке (16 автобус)
• № 72 бағдарда 2 бірлікке (14 автобус)
• № 73 бағдарда 2 бірлікке (14 автобус)
"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, қоғамдық көлікте жолақысын төлеп жүрулеріңізді сұраймыз. Осылайша сіздер бізге жолаушылар легін көруге және бағдарларды ұйымдастыруға көмектесесіздер", - делінген компания хабарламасында.