Астанада қоғамдық орында үлкен дәретке отырған ер адам 15 тәулікке қамалды

159

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.

Астанада қоғамдық орында үлкен дәретке отырған ер адам 15 тәулікке қамалды Фото: kun.uz

Елордада қоғамдық орында үлкен дәретке отырған ер адам 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қоғамдық орында бола тұра, үлкен дәретке отырып, айналадағыларға құрметсіздік таныту фактісі бойынша елордалық ер адамға қатысты істі Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындады.

"Орын алған құқық бұзушылық іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, іске қатысушылардың түсініктемелерімен, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен расталады. Сот қаулысымен азамат Б. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамаққа алынды", - делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу