Астанада қоғамдық тәртіпті енді робот иттер бақылайды

461

Нақты уақыт режиміндегі бейнебақылау полицияның жедел басқару орталығымен біріктірілген.

Астанада қоғамдық тәртіпті енді робот иттер бақылайды Фото: видеодан алынған кадр

Астанада қоғамдық орындарда роботтандырылған патрульдік кешен қолданылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Робот-ит елорданың көлік инфрақұрылымы нысандарында және ірі сауда орталықтарында қызмет атқарады.

Бұл технология қоғамдық ахуалды бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жедел әрекет ету мақсатында пайдаланылады.

Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес және ішкі істер органдарын кезең-кезеңімен цифрлық трансформациялау аясында жүзеге асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу