Сейсенбі күні, 20 наурызда "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының" жарақат бөліміне Астананың 40 тұрғыны жүгінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Олардың 23-і көшедегі көктайғақта құлап, жарақат алған. Оларға медициналық жәрдем көрсетілді және амбулаториялық емдеуге жіберілді. Яғни, ауруханаға жатқызу қажеттілігі туындаған жоқ", - деп хабарлады институттың баспасөз қызметі.
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде мереке күндері жауын, қар аралас жаңбыр жауады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу