Астанада қоқыс полигонынан өрт шықты

314

Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

Астанада қоқыс полигонынан өрт шықты Фото: ТЖМ

Байқоңыр ауданы Алаш тас жолының бойында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны аумағында қоқыс өртке оранды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнында ТЖМ мен ЖАО күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге 100-ге жуық жеке құрам мен 47 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Өртті сөндіру жұмыстары қою түтін мен қатты тұрмыстық қалдықтардың жану ерекшеліктеріне байланысты күрделене түскен.

– Өрт сөндірушілер тілсіз жауды сөндіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр. Жағдай бақылауда. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу