Астанада қоқыс шығару қымбаттайды

262

Тарифтің өзгермегеніне бес жыл болған.

Астанада қоқыс шығару қымбаттайды Фото: uslugi.yandex.ru

Астанада Мәслихат депутаттары қоқыстың жаңа тарифін бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қолданыстағы тариф бойынша бір адамға айына – 390 теңге. 

"Алматыдағы тариф мөлшері – 718 теңге. Еліміздегі 300 мыңға жуық тұрғыны бар алты шағын қалада тариф 400-500 теңгеге дейін жетті. 2024 жылдың жазында елордада қоқыс уақытылы шығарылмағандықтан әлеуметтік шиеленіс болғаны белгілі. Себебі халық саны өсті, тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі артты, қызмет көрсету шығындары көбейді", – деді Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов. 

Оның айтуынша, соңғы бес жылда қоқыс шығару шығындары 103%-ға өскен. 

Енді көпқабатты тұрғын үйде тұратындар үшін тариф бір адамға 637 теңге болады. Жер үйде тұратындар үшін адам басына 679 теңге болып бекітілді.

Аз қамтылған отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, балалар үйінің тәрбиеленушілері және көпбалалы отбасылар үшін жеңілдіктер ескерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу