Астанада көлік инфрақұрылымы табысты жаңғыртылуда

950

Астанада көлік инфрақұрылымы табысты жаңғыртылуда

Қазақстан елордасында жыл басынан бері аялдама павильондары орнатылып, электрондық жолақы төлеу жүйесі мен жүктемесі көп бірқатар көшеде бір бағытты қозғалыс енгізілді, қоғамдық көлік үшін жолақтар бөлінді, деп хабарлайды Астана әкімдігі.

2016 жылы Астанада 45 аялдама павильоны орнатылды, 55 дана көлемінде "Жабық типтегі аялдама павильондарының құрылысы" жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді, 5 бағдаршамдық нысан орнатылды.

Сондай-ақ, қалада электрондық жолақы төлеу жүйесі (ЭЖТЖ): 4 қазаннан бастап ЭЖТЖ экспресс-бағыттарда, ал 9 қарашадан қалалық бағыттарда енгізілді.

Сондай-ақ, қаланың көші-жол желісіне жүктемені төмендету мақсатымен жеті көшеде бір бағытты қозғалыс енгізілді.

"Жоба енгізілгеннен кейін көлік ағынының орташа қозғалыс жылдамдығы 30%-ға дейін артты, жол қиылыстарында іркілу уақыты 78-ден 40 секундқа дейін қысқарды, ал көлік құралдарының қарқындылығы 20%-ға артты", - деп атап көрсетті Көлік басқармасындағылар.

Сонымен қатар, 2016 жылы елорданың көлік инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде қоғамдық көліктер үшін жеке жолақ - Bus lane бөлу бойынша жұмыс басталды. Жыл басынан бері қаланың қозғалысы тығыз бес көшесінде жалпы ұзындығы 38,4 км болатын жеке жолақтар пайда болды. Сондай-ақ, ITS екінші кезегін іске асыру бойынша жұмыстар басталды, 54 жол қиылысын автоматтандыру қарастырылған.

2016 жылы Железнодорожный, Промышленный тұрғын алаптарына, Қобыланды батыр көшесімен қоғамдық көлік жүре бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу