Астанада көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялар көрмесі басталды

1203

Астанада көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялар көрмесі басталды

Астанада Орталық Азиядағы көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың ең ірі көрмесі басталды, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Бүгін Астанадағы "Көрме" орталығында 21-ші "Көлік және логистика" - Trans Kazakhstan / Translogistica 2017 халықаралық көрмесі ашылды. Бұл Орталық Азиядағы көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың ең ірі көрмесі болып есептеледі. Көрмені Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр ашты. 

TransKazakhstan / Translogistica 2017 көлік және экспедиторлық қызметтерден бастап, тауарларды сақтауға және өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтарға дейінгі толық кешенді салалық шешімдерді көрсетеді.

Көрмеге Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Украина, Қытай, Латвия, Литва, Эстония, Әзірбайжан, Финляндиядан келген компаниялар қатысуда. Сонымен қатар, отандық компаниялардың экспозициялары көрме алаңының 35% -ын қамтып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу