Астанада көлік нөмірін жасырған жүргізуші жауапқа тартылды

289

Сот жүргізушіні бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.  

Астанада көлік нөмірін жасырған жүргізуші жауапқа тартылды Фото: grozny-inform.ru

Астанада патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірін жасыруға арналған арнайы құрылғы орнатқан жүк көлігінің жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында 34 жастағы азаматтың Shacman маркалы жүк көлігін мемлекеттік тіркеу нөмірін кез келген уақытта көтеріп немесе түсіруге мүмкіндік беретін арнайы сымнан тұратын механизммен жабдықтағаны белгілі болды. Осылайша жүргізуші жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде тіркейтін камералардан нөмірін жасырып отырған.

Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері жүргізушінің бейнебақылау камерасына жақындаған сәтте мемлекеттік нөмірді түсіргенін байқап, көлікті бірден тоқтатқан.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге мемлекеттік тіркеу нөмірін сәйкестендіруге кедергі келтіретін құрылғымен жабдықталған көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімімен құқық бұзушы бір жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция мемлекеттік тіркеу нөмірін жасыруға немесе оны сәйкестендіруге кедергі келтіретін кез келген құрылғыны пайдалану заң талаптарын өрескел бұзу екенін еске салды. Мұндай құқық бұзушылықтар бейнебақылау камералары мен патрульдік бақылау барысында анықталып, кінәлілер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу