Астанада көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

499

Елордалық полицейлер мас жүргізушілерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Астанада көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды Фото: azattyq-ruhy.kz

“Мас жүргізуші – қылмыскер” жергілікті-рейдтік іс-шарасын өткізу барысында патрульдік полицейлер мас күйінде көлікті басқару, тыныштықты бұзу, агрессивті жүру, дрифтинг, жарыстар сынды ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-rе сілтеме жасап.

Рейдтік іс-шараларды өткізу кезеңінде 5 жүргізуші ұсталып, медициналық куәландырудан өткізу үшін Астана қаласының НжПО-ға жеткізілді. Сараптама нәтижелері бойынша үш жүргізушінің мас екені анықталды. Басқару құқығынан айырылып, мас күйінде көлікті басқарғаны үшін бір жүргізуші ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Коммуналдық тұраққа бес автокөлік қойылды.

Полицейлер мас күйінде көлік жүргізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының санкциясы 8 жылға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды, 15-тен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды және 200 АЕК-ге дейінгі айыппұлды көздейтінін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу