Күдікті қызметкерлер бөлмесіне еркін кіру арқылы спорттық костюмінің қалтасынан ақша салынған конвертті алып, қаладан қашып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Көлік жуу мекемесінің қызметкері полицияға жұмыс орнында 320 мың теңгесінің жоғалып кеткені туралы арызданып жүгінді. Ер адамның айтуынша, ол жалақысын үйіне жіберу үшін жинап отырған.Тергеу барысында ұрлыққа оның әріптесі, 20 жастағы көлік жуушының қатысы бар екені анықталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азаматтың қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Жігіт мойындау айғағын берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу