Астаналық полицейлер елордалық колледждің 3-курс студентін ұстады. 18 жастағы студенттің пәтерінен екі келіден астам "гашиш" табылып, тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ тінту кезінде электронды таразы, өлшеп-орау ыдыстары және есірткі құралдарын өлшеп-орауға арналған құрылғылар да табылып, тәркіленді.
Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау фактісі ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Қазіргі уақытта елордаға есірткіні жеткізу арнасы анықталуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу