Астанада үсік шалған колледждің екі студенті қалалық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды sputniknews.kz.
"Астанада аязға байланысты 7 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде ІІ және ІІІ дәрежелі үсік шалған колледждің 2 студенті №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды. Жасөспірімдердің жағдайы орташа", – деп хабарлады Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жеті адамның барлығына толық көлемде медициналық көмек көрсетілген. Бес адам тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберілді.
Астананың білім басқармасы ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайтынын хабарлады.