Астанада Комедия театры ашылды

898

Астанада Комедия театры ашылды

Астананың 20 жылдығына орай бірінші Комедия театры өз жұмысын бастады, деп хабарлайды елорданың мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Еліміздегі осындай жалғыз мекеме елорда әкімдігінің қолдауымен қызмет етеді. Театр репертуарында барша әлемге танымал комедиялық спектакльдер болады. Көрермендер оларды қазақ тілінде тамашалайды.

Комедия театрының көркемдік жетекшісі белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов.

Театр ЭКСПО көрмесі аумағында "Энергия холлында" орналасады және NOMAD CITY HALL деп аталады.

Елордалық Комедия театрының тұсаукесері бүгін жаңа театр ғимаратында баспасөз маслихаты барысында өтті. Оған Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов және астаналық Комедия театрының директоры Тұрсынбек Қабатов қатысты.

Театр базасында барша қазақстандықтар ұнататын "Әзіл әлемі", "Назар аудар", "КТА" ойындары бағдарламалары мен әзілкештердің авторлық өнер көрсетулерінен басқа, мектептер, колледждер ЖОО-лар арасында турнирлер өткізіледі.

"Елімізде дарынды жастар көп. Әзіл-қалжың өнері қазаққа жат емес. Бұрын әзіл-сықақ кештерін өткізу үшін зал жалдайтынбыз. Ал енді өз ғимаратымыз бар. Мұның біздің шығармашылығымызға оң әсер етіп, жақын арада көрермендерімізді театр артистерінің орындауындағы әлемге танымал қойылымдарымызбен және премьералармен қуантамыз деп ойлаймын", – деді Комедия театрының директоры Тұрсынбек Қабатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу