Астанада көмірдің бағасы белгілі болды

305

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.  

Астанада көмірдің бағасы белгілі болды Фото: Astana news

Астанада тұрғындарға көмір сататын 14 орын мен 10 қойма жұмыс істеп тұр. Қалада көмір сатумен 8 компания айналысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көмір сату орындары Герцен көшесі, 4/1 және 6/2; Көктал көшесі, 28 және 28/2; Мақат көшесі, 40 және 4/1; Жамбыл Жабаев көшесі, 76; Дулатов көшесі, 182/1; 70-проезд, 9А; ЖЭО-2; 101-көше, 30Б; Литейная көшесі, 44; Герцен көшесі, 6Б мекенжайларында орналасқан.

Қазіргі таңда көмірдің орташа бағасы мынадай:

  • Шұбаркөл – тоннасына 19 500 теңге;
  • Қаражыра – тоннасына 18 800 теңге;
  • Майкүбі – тоннасына 16 800 теңге.

Тұрғындар көмірдің қоры, бағасы және сату орындарындағы қолжетімділігі туралы ақпаратты 109 жедел желісі арқылы ала алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу