Астанада коммуналдық қызметтер қауырт жұмыс істеп жатыр

1316

Астанада коммуналдық қызметтер қауырт жұмыс істеп жатыр

Астанада қар көп түсіп, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 "Астана Тазалық" ЖШС-інің ақпаратына сәйкес, қала көшелеріне 173 техника шыққан. 290 адам жаяу жүргінші жолдар мен гүлбақтарды тазалауға жұмылдырылды. Сонымен қатар, жолдарға құм-тұз қоспасын себу жоспарланған.

Синоптиктердің болжауы бойынша, ертең, 26 қазанда, Астанада көшпелі бұлт шығып, күндіз аздап қар жауады. Солтүстік-батыстан, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -8…-10°С, күндіз -3…-5°С болады.

27 қазанда күн алабұлттанып, қар жауады, сырғыма жүреді. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -6…-8°С, күндіз -1…-3°С болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу