Полицияға телефонның жоғалғаны туралы Біржан сал көшесіндегі елордалық қонақүй кешендерінің бірінің әкімшісі арызбен жүгінген, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, түнгі сағат 04:30 шамасында ер адам масаң күйде, қонақүйдің бірінші қабатында біреудің ұялы телефонының көзге түсетін жерде қараусыз жатқанын байқаған. Жақынырақ келіп, ол алдымен оның әрекетін бақылап тұрған куәгерлердің бар-жоғын тексерген, содан кейін ресепшеннің жанына келіп отырған. Құны шамамен 140 мың теңге тұратын Huawei маркалы ұялы телефонды иемденіп, өзінің бөлмесіне қайта кіріп кеткен.
Сондай-ақ күдікті ұрланған затты “Артем” СҮ ауданында бейтаныс адамға сатқаны анықталды.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.