Полицияның мәліметінше, қонақүй иесіне қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыным енгізілген. Сондай-ақ қонақүй орналасқан аумақ учаскелік полиция инспекторларының тұрақты бақылауына алынды.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп, қонақүй әкімшілігі мен онда тұратын азаматтар арасында түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Полицияның дерегіне сәйкес, биыл жыл басынан бері аталған қонақүйге қатысты "102" арнасына 19 хабарлама тіркелген.
Нәтижесінде тыныштықты бұзғаны үшін 13 адам, ал қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.