Астанада кондукторларға талап күшейді

761

Астанада кондукторларға талап күшейді

Астанада жыл басынан бері автобус жүргізушілері мен кондукторлары тарапынан 118 дөрекілік таныту оқиғасы тіркелді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігі медиа-орталығының тілшісіне берген сұхбатында қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов.

- Қазір біздің басқарма елордалық автопарк басшыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Полиция қызметкерлерімен, көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп жедел топтар құрып, қала автобустарына рейдтер жүргізіледі. Мысалы, кондукторлар жолаушыларға бүтін емес билет берсе, тасымалдаушыға 5АЕК көрсеткіш есебінде, яғни 11 345 теңге айыпұл салынады, - дейді Б.Игенбердинов.  

Сондай-ақ, ол қоғамдық көлікте дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда қандай әрекет жасау керектігін айтты. Ондай жағдайда көліктің нөмірі мен оқиғаның орын алған уақытын жазып алған жөн. Одан кейін 574777 нөмірі бойынша  call-орталыққа немесе елордалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының сайтына ақпарат беру керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу