Астанада конькимен жүгіру спортынан ел чемпионаты өтіп жатыр

405

Чемпионатқа еліміздің 7 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан 183 спортшы қатысып жатыр. 

Астанада конькимен жүгіру спортынан ел чемпионаты өтіп жатыр Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанадағы Alau мұз сарайында жекелей дистанцияда конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

Чемпионат 2023-2024 жылдар аралығындағы жарыс маусымына спортшыларды іріктеу турнирі болып саналады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ересектер, халықаралық жарыстарға, әлем кубогының кезеңдеріне, сондай-ақ Қысқы жасөспірімдер олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алады.

Чемпионаттың ашылу салтанатына ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

"Коньки жарысы – қысқы спорттың басым түрлерінің бірі саналады. Сондықтан да біздің министрлік оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырумен, қазақстандық спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етумен, сондай-ақ Қазақстанда халықаралық және республикалық жарыстарды ұйымдастырумен және өткізумен белсенді айналысып келеді. Спортшыларымызға жарқын жеңістер тілеймін", - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, қысқы Олимпиадада барлығы 114 медаль жиынтығы ойналады. Конькимен жүгірушілердің ұлттық федерациясына кіретін спорт түрлері – шорт-трек, мәнерлеп сырғанау және конькимен сырғанау спорты бойынша 28 медаль жиынтығы қарастырылғ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу