Астанада конькимен жүгіруден ел кубогі мен чемпионаты өтеді

916

Жарысқа жүзден аса спортшы қатысатын болады.

Астанада конькимен жүгіруден ел кубогі мен чемпионаты өтеді

20-21 желтоқсанда "Алау" мұз айдыны сарайында жастар арасында конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасының Кубогі, ал ересектер арасында аталмыш спорт түрінен ел чемпионаты өтеді. Жарысқа жүзден аса спортшы қатысатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

ҚР кубогі мен чемпионаты – мұз айдыны сарайы базасында спорттың аталмыш түрімен кәсіби деңгейде айналысатын спортшылар арасында өтетін жылдың финалдық жарыстары. Спорттық шараның ашылу рәсімі 20 желтоқсанда, сағат 11:00-ге белгіленді. Кіру тегін.  
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу