Астанада конкурдан Қазақстан чемпионаты өтеді

343

Көрермендер үшін кіру тегін. 

Астанада конкурдан Қазақстан чемпионаты өтеді Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елорданың "Арғымақ" ат-спорттық сауықтыру кешенінде Тәуелсіздік күніне орай конкурдан Қазақстан чемпионаты өтеді. Астана қаласының тұрғындары мен қатысушылары керемет қойылымдарға шақырылады, деп жазады inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бағы мен бабы келіскен сымбаты мен сыны, жүрісі мен жылдамдығы үйлескен сәйгүліктер сайыстың төрт бағдары бойынша сынға түседі. Жарыс 15 желтоқсан күні сағат 10:00-де басталады.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 12 миллион теңгені құрайды.

Іс-шараны қала әкімдігінің қолдауымен Астананың ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясы ұйымдастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу