Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енген күні елордадағы Мәңгілік Ел даңғылында, Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік архиві мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының маңында жаңа аллея ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астанада жаңа қоғамдық кеңістіктерді ашу игі дәстүрге айналған. Ал бұл аллеяның ерекшелігі – оның терең символдық мәнінде.
Конституция – мемлекеттің негізгі заңы ғана емес, қоғамның ортақ құндылықтары мен қағидаттарының көрінісі. Аллеяның дәл осы күні ашылуы қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы орта қалыптастыруға, жасампаздық пен дамуға ұмтылысты, сондай-ақ елдің өркендеуіне деген ортақ жауапкершілікті білдіреді.