Астанада Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті

238

Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Конституция күніне арналған "Әділет тірегі – Ата Заң" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті Фото: Астана қаласының әкімдігі

Ата Заң – еліміздің басты құндылығы, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен бірлігінің кепілі.

Мерекелік кеште Қазақстанның халық әртістері Айгүл Қосанова мен Майра Мұхамедқызы, сондай-ақ Сәкен Майғазиев, Өзгеріс Шерікбай, Салтанат Ерсұлтан өнер көрсетті. Концертке Мемлекеттік күзет қызметінің Президент оркестрі, "Түркістан" этно-ансамблі және "Contrasst" би театры да қатысты.

Көрермендерге патриоттық рухтағы әндер мен халықтық туындылар ұсынылып, ұлттық нақыштағы сахналық безендіру, LED-инсталляциялар және заманауи техникалық шешімдер мерекелік атмосфераны айқындай түсті.

"Әділет тірегі – Ата Заң" концерті – ел бірлігін дәріптеп, рухани құндылықтарды насихаттаған маңызды мәдени шара болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу