Астанада көп балалы аналар марапатталды

638

Астанада көп балалы аналар марапатталды

Астанада көп балалы аналарға "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" табыс етілді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

"Есіл" ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев халықаралық әйелдер күні қарсаңында жеті баланың анасы Жанар Байжановаға "Алтын алқа" төсбелгісін табыстады. Сонымен қатар Алдабергенова Ақерке, Жүнісова Бағила, Махметова Әсемгүл, Рукабер Светлана, Сейтқожаева Гүлнәр "Күміс алқа" алды.

Еске салайық, "ҚР мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аналар 7 және одан көп бала туып, тәрбиелегені үшін "Алтын алқа" алады. Наградтау осы ананың жетінші баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте жүргiзiледi.

"Күмiс алқа" алқасымен алты бала туған және тәрбиелеп, өсiрген аналар алтыншы баласы бiр жасқа жеткен және басқа балалары тiрi болған ретте наградталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу