Астанада көп бөлмелі пәтер құны төмендеген

1188

Астанада көп бөлмелі пәтер құны төмендеген

Теңге эквивалентіндегі бағаның ауытқуы тұрақсыз болғанына қарамастан, Астанада пәтер бағасы арзандаған, деп хабарлайды baribar.kz.

Баспана нарығындағы сараптамалық көрсеткіште көрсетілгендей, бұған дейін 1 шаршы метрдің құны 344,9 мың теңге немесе 1010 доллар көлемінде болды.

Ал қала аудандары бойынша алғанда Есіл ауданындағы пәтерлер құны 15 пайызға дейін арзандаған. Осы аудандағы пәтерлердің орташа бағасы 30,4 млн теңгені құраған. Пәтер бойынша бағамдар болсақ, бестен жоғары бөлмесі бар баспананың құны көбірек арзандаған.

Астанадан пәтер алғысы келгендер орташа 25,8 млн теңгемен ала алады. Оның сыртында 13 млн теңгеге – 1 бөлмелі, 20 млн – теңгеге 2 бөлмелі пәтер алуға болады.

Айта кетейік, қаладағы "қымбат" тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы – 483 мың теңге деңгейінде, ал "арзаны" – 239 мың.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу