Бүгін шаһар басшысы Бақыт Сұлтанов нақты 13 әлеуметтік бағытты атады. Оның алғашқысы Тұрғын үй көмегі орташа есеппен 18 пайызға өсіп, 2 мың отбасы коммуналдық қызметтерге төлеуге көмек алады. Бұл үшін 34 млн теңге бөлінген. Одан бөлек көп балалы отбасылардың балаларына, оның ішінде мектеп оқушылары, жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне тегін жол жүру мүмкіндігі беріледі. Бұл көмекті 36 мың адам алады. Бұл іске бюджеттен 208 млн теңге қарастырылады.
1-11 сыныптарда оқитын көпбалалы отбасылардың балалары мектепте тегін ыстық тамақпен қамтылып, осы санаттағы 32 мың балаға 971 млн теңге бөлінеді. Сондай-ақ мектеп формасы мен қажетті оқу құралдары үшін 938 млн теңге қарастырылған.