Астанада көпірден секірмек болған әйелдің неліктен мұндай әрекетке барғаны белгілі болды

721

Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада көпірден секірмек болған әйелдің неліктен мұндай әрекетке барғаны белгілі болды Фото: inbusiness.kz

Мән-жайды анықтау барысында әйел бұл әрекетімен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен келіспейтінін көрсетпекші болған.

"Биыл 6 сәуірде сот органы ҚР Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігі (Тонау) және 192-бабының 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша соттаған кәмелеттік жасқа толмағандардың бірі оның ұлы екені анықталды. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу