/img/1920х100.png
/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 24 580,91 Hang Seng 24 266,06
FTSE 100 6 045,69 РТС 1 215,69
KASE 2 406,30 Brent 36,55
Астанада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

Астанада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

Қылмыстық іс аясында қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

30 Мамыр 2020 12:41 265

Астанада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, 26 мамыр күні «102» пультіне тұрғын үйлердің подъезінде баспалдақта жатқан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнын қарау барысында сол үйде тұратын 47 жастағы тұрғын аңшы мылтығынан өз-өзіне оқ атқаны анықталған.

«Ер адамның мобильдік телефонын қарау барысында өлер алдында жазып кеткен хабарламасы табылды. Қаза тапқан азамат 2019 жылдан бері ажырасқаны және соңғы уақытта жалғыз тұратындығы анықталды. Атына тіркелген «САЙГА-М2 маркалы аңшы мылтығы болған», – делінген елордалық полиция хабарламасында.

 

БҚО-да киік аулауға қатысты 36 қылмыстық іс қозғалды

Өткен жылғы санақ бойынша Батыс Қазақстан облысында 135 мың киік бар. 

28 Қаңтар 2019 18:30 599

БҚО-да киік аулауға қатысты 36 қылмыстық іс қозғалды

БҚО-да өткен жылы заңсыз киік аулауға қатысты 36 қылмыстық іс қозғалса, биыл осындай екі оқиға анықталған, деп хабарлайды 24.kz.

Елімізде киіктердің басымы Бетпақдала, Үстірт және Еділ-Жайық популяциясы кездеседі. Саны жағынан ең көбі – соңғысы.

Өткен жылғы санақ бойынша Батыс Қазақстан облысында 135 мың киік бар. Олар негізінен Қазталов және Жәнібек аудандарын мекендейді. Алайда қыстың қаттылығы, қардың мол түсуі бөкендердің биыл үдере көшуіне себеп болыпты. Күні бүгін жануарлардың дені Нарын құмының оңтүстік бетіне, Атырау облысының Индер, Махамбет аудандарына ауған.

Оңай олжа іздеген браконьерлерден бөкендерді қорғау үшін қосымша жедел топтар құрылыпты. Егер өткен жылы заңсыз киік аулауға қатысты 36 қылмыстық іс қозғалса, биыл осындай екі оқиға анықталған.

«Қазіргі таңда жол талғамайтын көліктермен жабдықталған 48 инспектор бар. Қарда жүретін 8 техника бар. Биылдан бастап жедел топ жасақталып жатыр. Ол топтар да қорғау саласына қосылады», –  дейді «Охотзоопром» РМК Орал өңірлік филиалының басшысы Дархан Саматов.

Заңсыз жиналған 47 тонна медициналық қалдыққа байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ашық жатқан препараттарды экологтар жоспардан тыс тексеріс кезінде анықтаған. 

25 Қаңтар 2019 12:02 687

Заңсыз жиналған 47 тонна медициналық қалдыққа байланысты қылмыстық іс қозғалды

Павлодарда 47 тонна медициналық қалдық табылды. Экология департаменті олардың заңсыз лақтырылғанын, ал ол тұрғындар үшін өте қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды astanatv.kz.

Ашық жатқан препараттарды экологтар жоспардан тыс тексеріс кезінде анықтаған. Олар қалдықтарды өртеу тиісті құжатсыз жүргізіліп келген деп отыр. «Утилизация» ЖШС 5 ауруханадан шыққан медициналық қалдықтарды жинап, жоймақ болған.   

«Аталған медициналық қалдықтар өте зиянды. Экологиялық жіктелімге сәйкес қауіпті деңгей. Яғни, адам өмірі мен қоршаған ортаға тигізетін кері әсері көп. Санитарлық санаты бойынша «Б» және «В» класына кіретін инфекцияланған медициналық қалдықтар»,– дейді Павлодар облыстық экология департаментінің бас мемлекеттік инспекторы Дархан Ісжанов.

Аталған фирма әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 144 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Мамандар оған қоса қоршаған ортаға келтірген зияны үшін 1 млн 700 мың теңге көлеміндегі шығынды өтеуі қажет деп отыр. Бұл іске табиғатты қорғау прокуратурасы да араласты. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.