Астанада көппәтерлі үйден өрт шығып, 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді

676

15 ақпан күні сағат 18-21-де Астана қаласы ТЖД бөлімшелеріне Тәуелсіздік даңғылы 21 мекен-жайы бойынша хабарлама түскен.   

Астанада көппәтерлі үйден өрт шығып, 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді Фото: Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі

Өрт сөндірушілер 8 минутта оқиға орнына жетіп, пәтерде қатты түтін бар екенін анықтаған, деп жазады inbusiness.kz қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар дереу есікті ашып, сондай-ақ терезе саңылауы арқылы автокөлік сатысының көмегімен әйел кісіні құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Пәтердің асхана бөлмесінде 15 шаршы метр аумақта жиһаз (диван), үй заттары және бөлменің төбесі жанған. Өрт сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілерінің күшімен 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 12-сі бала және 3 адам құтқарылды, оның ішінде 1-уі бала.

Өрт шыққан пәтерден шығарылған үш адамды қазір жедел жәрдем бригадасы тексеріп жатыр.

Қызыл жалын сағат 18-57-де толықтай ауыздықталды. Оқиға орнына Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 22 қызметкері және  7 техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу