Жұмыс Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісіліп жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"2023 жылдың 2-8 мамыры аралығында орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты Б.Момышұлы даңғылынан Балқантау көшесіне дейінгі учаскеде Қордай көшесі бойынша автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршрутын алдын ала жоспарлауы қажет", делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу