Қорғаныс министрлігінің офицері бала зорламақ болған

249

Бұл ақпаратты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Қорғаныс министрлігінің офицері бала зорламақ болған Фото: gov.kz

Елордада Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері 8 жастағы балаға сексуалды зорлық көрсетті деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен сот санкциясымен оқуда жүрген Қорғаныс министрлігі ақмолалық гарнизонының әскери қызметшісі ұсталып, қамауға алынды, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын еске салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу